jasqazaq.kz

Түркия Грекиямен дауларды бейбіт жолмен шешуге ниетті

22 сәуiр 2022, 15:24

Түркия Анкара мен Афины арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге тырысады. Бұл туралы Жерорта теңізіндегі «Мави Ватан-2022» әскери жаттығулары қатысушыларына бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Түркияның бейбітшілік жолында әрқашан бір қадам алда болатынына ешкім күмән келтірмесін. Біздің мақсатымыз – Эгей теңізінің бүкіл байлығын әділ түрде бөлісу. Эгей – достық теңізі. Түркия осыған ұмтылуда. Біз көршіміз Грекияға шын жүректен достық қолын созамыз», — деді министр.

Оның айтуынша, Анкара Афинымен қарым-қатынасында халықаралық құқықты құрметтеу мен әрқашан тату көршілік принципінің үстемдігін жақтайды.

Түрік әскери ведомствосының басшысы екі ел арасындағы диалогты дамыту маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте ол грек тарапын осы бағытта белсенді қадамдар жасауға үндеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр