jasqazaq.kz

Түркістандық тұрғын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны расталды

18 мамыр 2022, 13:15

Шымкентте әйел Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны расталды, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарына қарағанда, Конго-Қырым қызбасын жұқтырған әйел 46 жаста. Ол Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тұрады.

Әйел «Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Симптомдар қатты білінуі» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінген. Сол күні науқас «КҚГҚ ықтимал жағдай» диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Бүгін бұл диагноз расталды.

Қазір науқастың жалпы жағдайы ауыр, бұл интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты. Әйел оқшауланған және жансақтау бөлімінде жатыр.

Әйелмен байланыста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9-ы — медицина қызметкерлері. Олардың бәрі медициналық бақылауға алынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр