jasqazaq.kz

Түркістандық дәрігерлер ұмыт болған ежелгі босану әдісін жаңғыртпақ

28 наурыз 2019, 12:04

Түркістан облысының дәрігерлері ұмыт болған ежелгі босану әдісін жаңғыртпақ. Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова әйелдердің арқанға тартылып отырып босану әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Мамандар осы тәсіл арқылы ананың толғағын жеңілдетіп, тез босануына ықпал етуге болатынын айтады. Қазір бұл әдіспен дүниеге сәби әкелетін аналар саны күн санап артып келеді. «Арқанға тартылып отырып босану бұрынғы аналарымыздың тарихи әдісі болған. Тік тұрған жағдайда және бүйірінде босану — дәлелді медицина негізінде таңдау әдісі және ДДҰ ұсынымы болып табылады. Бұл ҚР ДСМ клиникалық хаттамаға да енгізілген. Медициналық тұрғыдан бұл пайдалы деп саналады. Толғақ қысқанда салмақ күші арқанға түседі. Физиологиялық босанудың барысында тік босану әдісі толғақты жеңілдетіп, баланың басының жеңіл өтуіне жол береді», — дейді Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.

Өңірдегі дәрігерлер босанудың бұл әдісін тіпті шетелдіктер де қолданатынын естіген. Сол себепті, елімізде оған патент алып заңдастырылғанын қалайды. Мұндай тәжірибе әзірге тек Шардара аудандық орталық ауруханасында ғана қолданысқа енгізіліп отыр. Осы күнге дейін арқанның көмегімен үш жүзден астам бала дүниеге келген. Аурухана басшылығы жақын арада суда босану әдісін де енгізуді жоспарлап отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда