jasqazaq.kz

Түркістанды күйге бөледі

23 мамыр 2019, 14:13

Күй өнері – қазақтың рухани қазынасының бірі де бірегейі. Халықтың болмысын, тарихын, рухын қасиетті домбыраның үнімен жеткізген күйшілер артына өшпес із қалдырғаны белгілі.

Осы орайда Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығында «Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті.   Ұлы тұлғаларымыз бен ұлттық өнеріміз арқылы ұлт руханиятының жаңғыруына атсалысу және жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысымызды сіңіре отырып, төл өнерімізді насихаттау концерттің басты мақсаты еді. Салтанатты шараны құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев: «Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген атақты күйші, сазгер Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Ол туралы Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды.
Сүгірдің күйлерін кеңінен насихаттап, халық жадынан өшірмеуге бірден-бір атсалысып жүрген мәдениет және өнер адамдарының еңбегі ерен!», – деді.
«Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кешін өткізуге мұрындық болған «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі Халықаралық «Жұбановтар әуені» байқауының лауреаты екенін атап өткен жөн. Тағылымы мол концертте Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев, Бөрі Иса, Әлімбек Қонысбеков, Қасымбек Сарымбетов, Батырхан Рыспанбетов сынды композиторлардың күйлері, шығармалары орындалды.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда