jasqazaq.kz

Түркістандағы жарылыстан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді (видео)

10 қыркүйек 2019, 22:10

Түркістан қаласында «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында болған жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалды. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің сөзінше, тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған. «Бекзат Саттарханов көшесіндегі қонақүйде өрт орын алғаны туралы хабарлама 18:05- да түскен. Оқиға орнына келген кезде қонақүйдің шатыры жалындап, ғимараттың бірінші қабатының оң жақ беті жанып жатқаны анықталды. Сонымен қатар қонақүйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру барысында газ тасымалдайтын автокөліктің жарылғаны мәлім болды. Өртті сөндіруге 17 техника мен 75 сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза болғандар анықталған жоқ», — дейді Нұрғали Жүнісов. Ведомство басшысының айтуынша, бірнеше адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі. Әзірге белгілісі, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан. Сәл кейінірек ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім еткендей, жалынның таралуы 20.00-де тоқтатылып, 20.15-те толығымен ауыздықталды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 Шоу — бизнес ҚАЗАҚСТАН (@stars_kazak)

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде