jasqazaq.kz

Түркістандағы «ұшатын» театрдың шатырын жел ұшырып әкетті (видео)

24 сәуiр 2021, 14:17

Түркістан қаласындағы бір ай бұрын ашылған «Керуен сарай» туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театрдың шатырын қатты жел қиратып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде, нақтырақ айтсақ astana.times Instagram-парақшасында жарияланған видеодан қатты жел салдарынан шатыр қаптамаларының қалай ұшып жатқанын көруге болады.

«Жоба авторлары бізді алдамапты. Бұл шынымен де, жұмыртқа пішіндес ұшатын театр болып шықты. Рахмет!», — дейді видеодағы дауыс.

«Алдымен стадион, енді мына театр… Самұрық құстың жұмыртқасы біреудің басын жармаса болды», «Жұмыртқаның қабығы аршылып жатыр, енді балапан шығатын шығар», «Сіздер түсінбей жатырсыздар, бұл осындай желдету жүйесі» деп әзілдеген желі қолданушылары видео астына жарыса пікір қалдыруда.

Еске салсақ, наурыз айында ашылған театр ғимараты Самұрық құстың жұмыртқасы іспеттес пішінде қиял-ғажайып халық аңызына негізделіп жасалған. Халық бұл мәдениет ошағын «ұшатын театр» деп атап кеткен болатын.

«Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа пішіміндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8D форматта әсерлі саяхат жасауға болады. Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі», – деген болатын жоба авторлары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана | Astana | Nur-Sultan (@astana.times)

azattyq ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия