jasqazaq.kz

Түркістанда жоғалған қыз Алматыдан табылды

08 ақпан 2022, 10:49

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, студент қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Әйелдің айтуынша, оның 17 жастағы қызы түскі сағат 15:55 шамасында оқу орнынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған. Жақындары өздіктерінен үш күн бойы іздестіріп, таба алмады.

Тәртіп сақшылары уақыт өткізбестен, бірден іздеу шараларын бастап кетті. Шұғыл қыздың баруы мүмкін жерлер тексерілді. Жасөспірімнің құрбылары мен туыстарынан жауап алынды.

Полицейлер жинақталған ақпарат көздері арқылы қыздың Алматы қаласындағы туысының үйінде жүргенін анықтады. Осылайша екі күн бойы үзіліссіз жүргізілген жедел-іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жоғалған қыз Алматы қаласынан табылып, отбасына қайтарылды.

Белгілі болғандай, жасөспірім мен анасының арасында түсінбеушілік болып, салдарынан қызы үйінен кетіп қалған. Содан ешкімге айтпастан, Шымкент қаласындағы туысының үйіне барып, одан ары Алматыға кетіп қалған. Мұнда туысына үйінде екенін ешкімге айтпауды өтінген. Алайда қырағы полицейлер қыздың жүрген жерін дереу анықтап, оны дін-аман тапты.

Қазір қызбен психолог сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Ата-анасымен профилактикалық шаралар атқарылуда.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр