jasqazaq.kz

Түркістанда мұнай өңдеу зауыты мен онкологиялық орталық салынады

28 қыркүйек 2018, 17:10

Түркістан қаласында өткен Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның «Ardabil Petrochemical Co» компаниясымен жалпы құны 205 млн долларды құрайтын онкологиялық орталық пен мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумда жалпы құны 1,7 млрд АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды. Сонымен қатар, қытайлық «Changchun Longyuan Power Equipment Co. LTD» компаниясымен энергетикалық құрылғылар мен бұйымдар жасау жөнінде құны 648 млн АҚШ доллары көлеміндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Ресейдің «Green Land Alatau» ЖШС 180 млн АҚШ долларына жылыжай кешенінің құрылысын жүргізетін болды. Форум барысында түзілген меморандумға сәйкес, қытайлық «Shanghai Lianfu New Energy Science & Technology Group» компаниясымен 340 млн АҚШ долларына күн энергиясымен жүретін электроавтобустар шығаратын зауыт құрылысын салу бойынша келісім түзілді. Сондай-ақ, Түркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 млн АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 млн АҚШ долларына кірпіш зауытын салатын болды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді