jasqazaq.kz

Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді

14 желтоқсан 2019, 21:17

Түркістандағы №15 мектептің мұғалімін әжетхана күзетпегені үшін ұстап әкеткен қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«13 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы орта мектеп мұғалімін полиция бөліміне жеткізу фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қалалық полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тергеу кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің мұғалімге қатысты іс-әрекетінің қаншалықты заңдылығына баға беріледі. Сондай-ақ, Түркістан қаласы ішкі істер басқармасы бастығының лауазымын асыра пайдалану фактісінің бар-жоғы анықталады» делінген хабарламада. Облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығы Данияр Мейірхан қызметтік тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді. Еске сала кетейік, Түркістанда Мағжан Жұмабаев атындағы №15 орта мектептің мұғалімі Бақыт Кеукенов «әжетхана күзетпегені үшін» жазықты болған еді. 31 жылдық өтілі бар ұстазды қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полицей ұстап әкеткен. Мектеп директоры К. Әбдіқадырованың жазуынша, мұғалім аяқ киімінен су өткен соң соны ауыстыру үшін мектеп ғимаратына кірген. Алайда полицейлер қарсылық көрсеткеніне қарамастан ұстаздың қолын қайырып, бөлімшеге әкетіп қалған. Кейін бұл жағдайды естіген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімге араша түсті. Бүгін мектеп мұғалімін «әжетхана күзетпегені үшін» ұстап әкеткен қалалық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейірхан ұстаздан кешірім сұрады .

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда