jasqazaq.kz

Түркістанда клинеттердің 40 млн теңгесін үптеген банк қызметкері ұсталды

15 шiлде 2021, 18:39

Түркістан тұрғындарының 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен бұрынғы банк қызметкерін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан қалалық полиция департаментіне банктердің бірінің қызметкері өзгелердің атынан несие тіркегені туралы шағым келіп түсті. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Белгілі болғандай, банкте аға менеджер болып жұмыс істейтін жас жігіт алдына қандай да бір мәселемен келген азаматтардың құжаттарын қолдана отырып, олардың атынан несие рәсімдеп отырған. Барлығы 11 адамның атына несие шығартып, 3 азаматтың депозиттеріндегі ақшаларын жасырын түрде аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады.

Тергу кезінде жас жігіт алаяқтық жолмен иеленген ақшаларды құмар ойындарға салып жібергенін мойындады. Өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланған күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар, — дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия