jasqazaq.kz

Түркістанда қыз алып қашқандар сотталды

26 тамыз 2020, 0:39

Сот

Түркістанда қыз алып қашқандарға сот үкім кесті. Төрт айыпталушының ісі қалалық сотта жабық есік жағдайында қаралды. 20 жастағы бойжеткенді еркінен тыс ұрлап, көндіру үшін зорлағандардың алды сегіз жылға жаза арқалады. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Айгүл ЖАҢБЫРБАЕВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сот үкімімен үш сотталушыға қатысты «адам ұрлау» бабымен әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Және тағы бір сотталушыға қатысты «Адам ұрлау» және «зорлау» екі бап бойынша түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бұл оқиға былтыр 3-желтоқсан күні Түркістан қаласында болған еді. 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінде, төрт жігіт көлікке басып салып, алып кетті. Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне әкеліп, болашақ «күйеу» жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған. Тіпті өміріне қауіп төндіріп, еркінен тыс зорлағаны сотта өз дәлелін тапты деді телефон арқылы сұқбат берген сот төрағасы. Алып қашудың құрбаны болған бойжеткенді бұған дейін көрсеткен-ек. Ол бұл жігіттің жеңгелерін де жауапқа тартуды сұраған болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия