jasqazaq.kz

Түркістанда құрылыс жүріп жатқан жерден адам сүйектері шықты

26 сәуiр 2019, 13:47

Қорқынышты көріністің куәгерлері — құрылысшылар. Адам қалдықтары Қызылорда облысының Түркістан қаласына тартуы ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңынан салынып жатқан моншаның орнынан, қазу жұмыстары кезінде шыққан.

Суннатулла Халықбердиев, Түркістан қаласының тұрғыны: «Әсілі, бұл жердің барлығы да мола болған. Әзірет Сұлтан бабаның қасына әкеліп жерлей берген ғой. Сонымен мола жайылып кеткен».

Ал, «Әзірет Сұлтан» музейі директорының орынбасары Бақытжан Нұрхановтың айтуынша, кесене айналасында құрылыс және қазу жұмыстарына археолог мамандарды қатыстыру міндетті екені ескертілген. Өйткені бұл көне шаҺардың тарихи бөлігі. Алайда құрылысшылар бұл ескертуге пысқырып та қарамапты.

Сүйектер табылған жер заң талаптары бойынша зерттеліп, тарихи бағасы берілуі тиіс еді. Бірақ құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Археологтарды тіпті маңына да жолатар емес. Ең сорақысы, табылған сүйектердің қазір қайда екені белгісіз. Айта кетейік, монша құрылысы биыл ақпан айында басталған.

otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда