jasqazaq.kz

Түркістанда қуырылған балмұздақ жасап шығарды

26 ақпан 2019, 12:33

Түркістандық іскер келіншек қуырылған балмұздақ жасап шығарды. Гүлбахар Жекеева мемлекеттік «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бір ай тегін курс оқып, өз жобасын ұсынған.

Мамандардан кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, 240 мың теңгелік грантқа ие болған. Қажетті қаржы қолына тиген соң, 200 мың теңгеге балмұздақ жасауға арналған құрылғы, ал 40 мың теңгесіне қажетті шикізат пен жеміс-жидек сатып алды. Қазір істің көзін тапқан әйел кәсібін өркендетіп отыр. «Таңсық дүниеге қызығушылық танытқандардың қатары күн санап артып келеді», – дейді ол.

Мәдина Сұлтанова, студент:

– Маған балмұздақ қатты ұнады. Бұл жерге балмұздақ жеуге екінші рет келіп отырмын. Мұны қуырылған балмұздақ дейді екен. Басқа технологиямен көз алдыңызда дайындалады. Өте дәмді.

Гүлбахар Жекеева, кәсіпкер:

– Технологиясын өзіміз біраз уақыт жүріп меңгердік. Оған 1-2 айдай уақыт кетті. Қазір менің қызым Құндыз үйреніп алып, жұмыс істеп жатыр. Басқа балмұздақтан айырмашылығы, бұл халықтың көз алдында қалаған нәрсесімен дайындалады.

Дереккөз: 24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде