jasqazaq.kz

Түркістанда кафеде жанжал шығарған адамның кім екені анықталды (Видео)

18 қазан 2021, 17:56

Түркістанда дәмханада тапсырысты төлеуден бас тартып, жанжал шығарған адам бұрынғы депутат болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің таратқан дерегіне сенсек, 17 қазан күні түнгі сағат 1.00 шамасында көңіл көтеру орнының қызметкерлері Түркістан полициясының 102 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Бірден оқиға орнына полиция жасағы шықты. Келген бойда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғын ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзушы, яғни ер азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жайтымен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі. Сондай-ақ ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биылғы жылдың наурыз айында өкілеттігін тоқтатқаны анықталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия