jasqazaq.kz

Түркістанда екі отбасыда үшем дүниеге келді

01 маусым 2019, 10:48

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістанда екі бірдей үшем өмірге келді. 27 жастағы Динара Нарханова екінші рет ана атанып отыр. Бұрын бір қызы болған. Жүктіліктің 31 аптасында мерзімінен бұрын 3 ер баланы дүние әкелді.

Нәрестелер толық жетілмегендігіне байланысты туған кезде жағдайы ауыр, тыныс жетіспеушілігі 2-3-ші дәрежеде болған. Қазір сәбилердің жағдайы жақсы,- дейді дәрігерлер. Ал екінші үшемді дүниеге әкелген Сайюра Токлиева бірден көпбалалы ана атанды. Өйткені, оның бұған дейін 2 ұл, 1 қызы болған. Облыс әкімдігі тарапынан үшемдердің барлығына қоларба мен арнайы төсектер берілді. Айта кетейік, бұл Түркістан облысында жыл басынан бері дүниеге келген 3-үшемдер.

Сайюра Коклиева, көп балалы ана:

— Үшем болады деп ойламадым. 5 апталығында естіген кезде өте бақытты болдым. Қуанышым қойныма сыймай, соларды көру арман болды. Денсаулығым жақсы, жүктілік те жақсы өтті. Операция да жақсы өтті. Балаларым бірінен кейін бірі жылап, дүниеге келді. Фатима, Зухра, Исмайл болды.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Үйіне шығарып жатырмыз. Салмағы аз болғандықтан балаларды дәрігерлер қарап, күтіп, баптап, үйіне жақсы жағдайда шығарып жатырмыз. Бұдан былай ірі отбасына медибике бөлінетін болады, осы үшемдердің жағдайын қарап, бақылауда ұстап отыратын боламыз.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда