jasqazaq.kz

Түркістанда денсаулығы сыр берген баласына өз әкесі бүйрегін берген

19 мамыр 2021, 12:43

Түркістандық Арсен Мадиев әкесінің бүйрегімен өмір сүріп жүр. Денесін түсініксіз жара басып, тынысы тарлылып, қысымы көтеріліп денсаулығы сыр берген баласына өз әкесі бүйрегін берген, деп хабарлайды «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Арсеннің әкесі Амантай Мұсабеков ұлының өмірін сақтап қалу үшін осындай қадамға барғанын айтады.

«Балам бауыр етім емес пе. Дәрігерлер ең жақыны, оның ішінде ата-анасы донор бола алады деген кезде титтей де күмән болған жоқ. Басты қорқыныш қанның сәйкес келмей қалуы еді. Мен ота столында ұлыма қарама-қарсы жаттым. Өзім жайлы мүлде ойлаған жоқпын. Балам жазылып кетсе екен деген бір ғана тілек болды. Жансақтау бөлімінде есімді жия сала, ұлым қалай деп сұрадым. Сонда балаңыздың жағдайы жақсы деген сөзді естігенде менен бақытты жан болмады. Көз алдымда Арсеннің жазылып кеткенін елестетіп күлімсіреп жаттым. Еш жерім ауырмады. Қалай ауырады, ұлымды құтқаруға мүмкіндік алдым», — деді Арсеннің әкесі Амантай Мұсабеков.

Әлемде әр сағат сайын донор күтіп жатқан пациенттің өмірі үзіліп жатады екен. Мұны жақсы түсінетін Арсен қазір өзін өмірге екінші рет туылғандай сезінеді.

«Бір жағынан қуандым, ал бір жағынан өкіндім. Мен өз отбасымды, достарымды, мұғалімдерімді, дәрігерлерді өте қатты жақсы көремін. Маған әкемнің өз бүйрегін беремін деген шешімі мені әрине қатты қуантты. Ал бір жағынан мұңайып қалғаным, енді әкем менің кесірімнен бір бүйрекпен өмір сүруге мәжбүр болады ғой деп ойладым», — деген Арсеннің ауруы артта қалып, ұлы музыкант болсам деген арманына жетсем дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде