jasqazaq.kz

Түркістанда бөтеннің үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

27 қантар 2022, 13:23

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйін өртеп, 10 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің малды ауылдағы бір бөлмелі үйін әлдекімнің қасақана өртегенін жеткізді. Үй ішінде тұрмыстық заттармен және күн көзінен қуат алатын қымбат құрылғы орнатылған. Оқиға салдарынан жәбірленуші 10 млн теңгеге шығынға батты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ақпарат алысымен кентаулық тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, бір сағат ішінде күдіктіні анықтап, оны көше бойынан ұстап, дереу ҚПБ-ға жеткізді. Ол бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікке ілінген ер адам жәбірленушінің малын бағатын бақташының танысы болып шықты. Яғни, бақташы мен оның арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсінбеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған күдікті үйге өрт қойған.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді