jasqazaq.kz

Түркістанда блокбекетте жүргізуші полицейлерді балағаттаған

26 мамыр 2020, 16:56

Түркістан облысында блокбекетте полицейлерге қарсылық көрсеткен тұрғын анықталды.

Дереккөз мәліметінше, блокбекетте тұрған полицейлер Lexus маркалы көлікті тоқтатқан.

«Көлік жүргізушісі полицейге түрлі жаман сөздер айтып, балағаттай бастады. Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін сұрайды, бірақ тұрғын заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Осылайша билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару барысында қорлап, аузына келгенін айтқан тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкілін қорлау) бойынша тіркелді», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді.

Polisia.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық