jasqazaq.kz

Түркістанда бір отбасындағы бес адам неден қайтыс болғаны анықталды

27 ақпан 2021, 22:38

Түркістанда бір отбасы неден қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай болды. Бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!», — делінген Өмірзақ Шүкеевтің сөзінде.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылғаны айтылады.

«Сондай-ақ Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым», — делінген облыс әкімінің жазбасында

Еске салайық, мұның алдында Түркістанда бір отбасының 5 адамы қаза болғаны хабарланған еді.

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің «103» пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған», — делінген еді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарламасында.

«Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты», — делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия