jasqazaq.kz

Түркістанда археологтар сенсация ашты

08 тамыз 2020, 22:59

Түркістанда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар сенсациялық жаңалық ашты. Олар Күлтөбе қалашығын қазу кезінде ежелгі сопылық ғибадатхана — ханаканы тапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл XV-XIX ғасырларға дейін өмір сүрген діни және жерлеу сәулетінің ерекше ескерткіші. Ахмет Яссауи мавзолейінен бар-жоғы 300 метр жерде анықталған ханаканы зерттеп жатқан ғалымдар, елімізде мұндай тарихи құрылыстың «баламасы жоқ» деп отыр. Ескерткіш жылыту пештері мен шағын тандырлары бар 10 бөлмеден тұрады. Құрылыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде тікбұрышты жерасты кесенесі орналасқан. Онда 7 жерлеу орны табылды. Мұнда үй-жайлар мен ғұрыптық бөлмелерінің қалдықтарынан бөлек, дәруіш тариқатына қызмет еткендердің де табыттары табылған. Жерлеу рәсімінің өзі басқаша. Өйткені исламда жерленген адамның басы әрқашан батысқа, яғни Қағбаға қарай бағытталады. Ал мұнда солтүстікке, яғни Ахмет Яссауидің жатқан жеріне қаратып жерленіпті. Көбіне билеушілердің немесе олардың өкілдерінің тапсырысымен салынған мұндай орындар мешіт пен медресе салумен пара-пар сауапты деп саналған екен. Әдетте ханакалар мұсылман елдеріндегі қалалар мен жол бойында салынып отырған дейді ғалымдар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия