jasqazaq.kz

Түркістанда ана мен төрт баланың өліміне кінәлілер жазаланды

14 қараша 2022, 15:54

Сот 2021 жылдың ақпанында Түркістанда әйел мен оның төрт баласының өліміне газ компанияларының екі басшысын кінәлі деп таныды, екі айыпталушы да 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұлтуралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Марат Көлдіков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістанда 2021 жылдың 27 ақпанында көмірқышқыл газына уланып, бір отбасының өліміне қатысты тергеудің қалай аяқталғаны туралы айтты.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі — «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі газ кәсіпорнының директорлары 4 жылға бас бостандығынан айырылды».
Марат Күлдіков
2021 жылдың 27 ақпанында Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінде бес адам – әйел мен оның төрт баласы қайтыс болды. Өлім себебі көмірқышқыл газынан улану.

2021 жылдың наурыз айында полиция газ жабдықтарын монтаждайтын компаниялардың бірінің директорын ұстады, ол ана мен төрт баланың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр