jasqazaq.kz

Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды

29 шiлде 2024, 15:38

Елімізде құқық қорғау мен арнайы органдарға деген халықтың сенімі күн сайын артып келеді. Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманында құқық қорғау органдарымен тікелей байланыс бар. Түркістан облысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік полицейлер марапатталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағы Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бастығының орынбасары Нұрдаулет Оразбаевқа берілді.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Жексен Баймұрзаевқа тапсырылды. «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісі Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Даурен Алтынбековке тағылды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Артур Мусабеков марапатталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы «Алғысы» Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Нұрлан Мырзабаев, полиция аға лейтенанты Әбділдә Бақытжанов, полиция аға лейтенанты Бағдат Батырбековке табысталды.

Одан бөлек маусым айында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатының жүлдегері атанған полицей аруымызға қошемет көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, аталған жарыста 65 кг салмақ дәрежесінде қатысқан Түркістан облысының полицейі Айнұр Ақжігітова І-орынды иеленіп, Азия чемпионы атанған.
Сонымен қатар Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен чемпионатта 76 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І-орынды иеленіп, Көшпенділер ойынына жолдама жеңіп алған полиция аға лейтенанты Перизат Нұрланқызы марапатталды.
Облыстың бас полицейі қызмет пен спортты қатар ұстап, чемпион атанған шенді аруларды жеңістерімен құттықтады.
Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сауран аудандық полиция бөлімінің құрылысын жүргізуде өзіне жүктелген міндеттерін сапалы әрі уақытылы орындаған құрылыс мекемесінің басшылығы
Қазақстан Республикасы ІІМ Алғыс хатымен марапатталды.

Өз кезегінде мердігер мекеме «NTR» ЖШС директоры Хикматулла Абдурахманов, министрліктің марапаты үшін алғысын білдірді. Ал мерейі артып, құрметке бөленген тәртіп сақшылары елімізге адал қызмет етуге ант берді.

JQ-Aqparat
Cуреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды