jasqazaq.kz

Түркістан тұрғыны жеңгесін әмеңгерлікпен әйел қылып алған

04 қантар 2019, 10:46

Түркістан тұрғыны Жәнібек Айдаров жеңгесін үш баласымен қазақтың әмеңгерік жолымен әйелдікке алды.

Бұл туралы “Қарекет” бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін кейуананың 28 жыл көрмеген ұлымен қауышқаны жөнінде жазған едік. Қалыбек Айдаров Украинаға кетіп, содан 28 жыл бойы Қазақстанға оралмаған. Бағдардама қызметкерлерінің көмегімен анасы мен ұлы қайта табысып, көрерменің жүрегін елжіретті.

Осы кейіпкеріміздің інісі Жәнібек Айдаров қайтыс болған ағасының әйелін әмеңгерлікпен әйел қылып алған. Ағасының артында қалған үш баласына әке орына әке болды.

“1975 жылғы бірінші күйеуім 2007 жылы қайтыс болды Өлері алдында маған ағасын тапсырып кетті. Саған аманаттамаймын, бірақ саған сенем деді. Үміт үзбе, сен кетсең мен не істеймін деп жыладым. Сол күйі маған сеніп кетті. Кейін інісімен әмеңгерлік жолымен қосылдым. Ол қарсы болған жоқ. Балаларыма жақсы қарайды. Тату-тәтті тұрамыз”, – деді Гүлнәр есімді келіншек.

Тележүргізуші Бейсен Құранбек Жәнібектің қолын алып, алғысын айтты. “Азамат екенсің” деген жылы лебізін білдірді.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде