Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар

07 тамыз, 14:01

Түркістан өңірінде тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға айрықша маңыз беріледі. Осы орайда облыстық Әділет департаментінің мамандары азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға қоса, тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету үшін бірқатар елді мекендерге барып, кездесулер ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Боралдайда құқықтық кеңес берілді

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Боралдай ауылдық округінің тұрғындарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында кездесу өтті.

Аталған шарада әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша 50-ге жуық жеке және заңды тұлғалар мен олардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізілді. Сонымен қатар азаматтарға халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында департамент қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттар, нотаруистер және жеке сот орындаушылардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Волонтерлік жобасының» еріктілері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі жетекшісінің қатысуымен, халыққа қажетті заңгерлік кеңес, ақысыз заңгерлік көмек көрсетіліп, қажетті мәселелер бойынша Заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақбастау ауылында алаяқтықтан сақтандырды

Әділет департаментінің мамандары шалғайда орналасқан Ақбастау ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты- мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тұрғындарға құқықтық кеңес беру.

Аталған шарада әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша 40-қа жуық тұрғын өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, арнайы мамандардан жауап алды. Тұрғындар қазір өзекті болып тұрған «Алаяқтық» мәселесін көтеріп, одан сақтану жолдарын сұрады. Әділет департаментінің мамандары әр тұрғынның сауалына жеке жауап беріп, барынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар тарапынан құқықтық сауатын арттыруға бағытталған осындай кездесулердің жиі өтіп тұруы өтініш ретінде айтылды. Мамандар өз кезегінде халықтың мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Құмкентте дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына құқықтық кеңес беру мақсатында Құмкент ауылдық округінің тұрғындарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну, құқықтық кеңес беру аясында кездесу өтті.

Аталған шарада әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша 30-ға жуық тұрғындар мен олардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізілді. Азаматтарға құқықтық сауаттылықты түсіндіру маңызды екені белгілі. Бүгінде құқықтық кеңес пен көмек алу үшін арнайы мамандарға жүгінетін жастар көп. Сонымен қатар азаматтарға халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында департамент қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттар, нотариустер және жеке сот орындаушылар, волонтерлік ұйымның мүшелері халыққа қажетті заңгерлік кеңес, ақысыз заңгерлік көмек көрсетіліп, қажетті мәселелер бойынша Заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Кентауда құқықтық мәселелер қаралды

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша Кентау трансформаторлық зауыты акционерлік қоғамы ғимаратының жиналыс залында осы зауыттың қызметкерлері мен жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, мемлекет кепілдік берген заң көмегі түсіндірілді.

Аталған шараға Департамент қызметкерлері адвокаттармен, сот орындаушыларымен, нотариустармен, заң консультанттарымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Волонтерлік жобасының» еріктілері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі,сондай ақ аудандық әкімдік қызметкерлері бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында 50-ге жуық азамат өздеріне тиісті құқықтық көмектер алып, өз пікірлерімен бөлісті.

Бүгінде тұрғындар тарапынан ең көп қойылатын сауалдар несие тарихын реттеу, уақытылы әлеуметтік көмек алу, кейбір мәселелерге қатысты құқықтық кеңес беру, алимент өтеу мен банк берешегінен құтылумен байланысты. Әділет департаменті мамандараының тарапынан құқықтық кеңес беруге арналған ашық есік күндері алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Әлима Әлмерек
Сурет: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген