jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды

05 шiлде 2024, 14:06


Түркістан облысында заңдылық пен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын жүргізу мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан облысы Полиция департаментінің, 2024 жылға арналған кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 4-6 шілде аралығында, Төлеби ауданы аумағында “ЖАСӨСПІРІМ” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты жасөспірімдердің арасында топтық төбелес, жол апаты, шомылу кезінде жасөспірімдердің суға бату және тағы басқа да теріс фактілерінің алдын алу бойынша нәтижелі іс-шаралар атқару. Төлеби ауданының тәртіп сақшылары ата-аналар мен заңды өкілдерден, аудан тұрғындарынан, шара бойынша бірлесе, нәтижелі жұмыстар ұйымдастыруға шақырды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған рейдтік жүұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, аудан көлемінде құрылған лагерьлерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Тау бөктерінде орналасқан “IZUMY TAU” лагеріне арнайы барған тәртіп сақшылары, жетекшілерімен, Түркістан облысының басқа аудандарынан келушілер саны, орналасу, күн тәртібі, ас мәзірі және басқа да уақыттарын тиімді өткізу шараларымен танысты. Балаларға лагерь күн тәртібі мен суға түсу ережелерін сақтай отырып, келеңсіз оқиғаларға жол бермеу қажеттілігі айтылып, демалыс күндерін мәнді өткізіп, жақсы көңіл күйде, аман-есен үйлеріне оралуына тілектес болды.
Топ жетекшілеріне сеніп тапсырылған балалардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты екендерін түсіндірді. Төлеби ауданы аумағында ағымдағы жылдың шілде айының басында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы қайта жалғасты. Іс-шараның мақсаты — автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған.
Айта кету керек, шара аясында автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетушілерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттер кешені жүргізіледі.
Сондай-ақ, көлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу, жолын кесу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде