jasqazaq.kz

Түркістан: Тергеушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

19 маусым 2024, 13:59

Биылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Бұл заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Жаңа заңда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізілді.

Айта кету керек, сәуір айынан бері жаңа заңның нормаларын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Түркістан өңіріндегі құқық қорғау органдары қалыс қалған жоқ. Күні кеше Түркістан облысының тергеушілері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Маңызды шара Түркістан облысының Полиция департаментінде ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен өткізілді. Басқосуға облыс прокурорының орынбасары Е. Шалатайұлы, қалалық, аудандық тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, сот органдары, денсаулық сақтау және сот сарапшылары қатысты. «Дөңгелек үстел» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістерге арналды.

16 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң күшіне енді. Осылайша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Кездесу барысында Қылмыстық кодекстің жаңа нормалары шеңберінде тергеуге дайындықты қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарды тіркеу, қылмыстық істер бойынша тергеушілер мен анықтаушылар тағайындайтын сот сараптамаларының сапасын талдау және оңтайландыру, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері қаралды.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып шеңберінде бірыңғай тәсілді әзірлеуге сенім білдірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік