jasqazaq.kz

Түркістан полицейлері жүргізушілерден жолға шықпауды өтінді (Видео)

17 қараша 2021, 11:48

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерден қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ауа райының нашарлауына, күннің суытуына, қатты жел мен қардың түсуіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар кейбір трассалар көлік қозғалысы үшін қауіпті екенін ескертеді. Яғни ауа райының қолайсыздығына байланысты Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының 593- 652 шақырымында қарлы боран соғып, жол көрінбейді. Демек мұндай уақытта жол көлік оқиғасының орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда Түркістан облысының полицейлері жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыс атқарып жатыр. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін ескертеді және азаматтарға алыс жолдарға бармауға кеңес береді. Шұғыл қажеттіліксіз көшеге шықпаған жөн. Сапарға шыққан жағдайда жолдарда барынша мұқият және абай болу керек, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажет. Облыс полицейлері ауа райының тосын мінез танытып, бұрқасын болуына байланысты барша тұрғындар мен қонақтарға жолға шықпауға кеңес береді. Тәртіп сақшылары жолаушылардың амандығы үшін, жолдарда кірпік ілместен қызмет етіп жүр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде