jasqazaq.kz

Түркістан полицейлері базарда телефон ұрлаған әйелді ұстады

28 сәуiр 2022, 13:39

Түркістан полицейлері базарда телефон ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Соңғы жылдары телефон ұрлығы туралы жиі айтылып жүр. Қоғамның дертіне айналып бара жатқан бұл қылмыс бойынша өткен жылы Түркістан қаласында бес жайт тіркелсе, осы жылы төрт дерек тіркелді.

Мәселен, Түркістан ҚПБ-ға ауыл тұрғыны хабарласып, ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, базарда орналасқан дүкендердің бірінде белгісіз біреу Samsung J5 телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығын көлемі – 63 мың теңге.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Орын алған ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел оқиға орнына жетті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап шықты. Соның нәтижесінде, полицейлер небәрі үш сағаттың ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Учаскелік полицейлер күдіктіні Түркістан ҚПБ-ға жеткізді.

Ұсталған әйелден айғақ зат ретінде телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Полицейлермен анықталғандай, жәбірленуші дүкендердің бірінде телефонын ұмытып кеткен. Одан кейін дүкенге кірген күдіктінің қараусыз жатқан телефонға көзі түсіп, ешкімнің байқамағанын пайдаланып, ұрлаған. Осылайша арам ойын жүзеге асырып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр