jasqazaq.kz

Түркістан облысының тұрғыны үйінде аңшы мылтығы мен есірткі сақтаған

19 қазан 2020, 12:20

Түркістан облысының полицейлері үйінде қару мен есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан ауыл тұрғындарының бірінің өз үйінде қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз сақтайтыны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Түлкібас ауданының тұрғынын анықтап, күдіктінің үйінен 7 оғы бар екі ұңғылы аңшы мылтығы мен өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакетті тәркіледі.

Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 26 грамнан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты.

Ұсталған азамат қамауға алынды.

Қазіргі таңда заңсыз есірткі сақтау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес тергеу амалдары өткізілуде.

Қару сақтау фактісіне байланысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия