jasqazaq.kz

Түркістан облысының тұрғыны полицейді түсірген видеосы үшін кешірім сұрады

01 шiлде 2021, 11:48

Түркістан облысында полицейдің «пара алып жатқан» видеосы Желіде таралды. Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан жолдың шетінде тұрған полицей мен жүргізушіні көруге болады. Көлік жүргізушісі әмиянынан бір затты іздеп, кейін оны полиция қызметкеріне береді. Видео Ghetto Dogs тобының «На тебе денег» әнімен сүйемелденген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көлік жүргізушісінен полицейдің «ақша алып жатқан» видеосы зерттеген.

«Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның 2021 жылы 30 маусымда болғаны анықталды. Жергілікті полция учаскелік инспекторы сағат шамамен 10:56-да жол ережесін бұзған Mercedes көлігін тоқтатқан.

Полиция қызметкері көлік жүргізушісінен әкімшілік хаттама толтыру үшін құжаттарын сұраған. Жағдайды пайдаланған ер адам видео түсіріп, Instagam-парақшасында жариялаған», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полиция бейнежазбаны түсірген желі қолданушысы өз кінәсін мойындап, тұрғындардан кешірім сұрағанын айтты. Полицейлер жас жігітпен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия