jasqazaq.kz

Түркістан облысының әкімі қызметіне Дархан Сатыбалды тағайындалды

31 тамыз 2022, 12:39

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Сессияда әкім қызметіне қос бірдей кандидат ұсынылды. Оның бірі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды болса, екіншісі Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков.

Халық қалаулыларының басым бөлігі Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Шымкент қаласынан Сенат дерпутаты болып сайланған. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ал, биылғы жылдың 24 тамызында отставкаға өтініш берді. Оған басты себеп, 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы болды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр