jasqazaq.kz

Түркістан облысында жұма намазы оқылатын болды

27 ақпан 2021, 12:11

Наурыз айынан бастап республикадағы жасыл аймақта тұрған барлық өңірлерде жұма намазына оқуға рұқсат етілді.

Сондықтан, Түркістан облысының аумағындағы мешіттерде 5-наурыздан бастап жамағатпен жұма намазы оқыла бастайды.

Облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың айтуынша, жамағатпен құлшылық рәсімін жасау үшін мешіттер 30 пайыз ғана толтырылады.

«Медициналық маска тағу, діни жоралғы кезінде сапқа тұрғанда арақашықтықты сақтау талап етіледі. Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмысының жүргізілуі қадағаланады. Уағыз оқылмай, тек парыз намазы ғана орындалады. Дәретханалар карантин талаптарып сақтай отырып ашылады. Жұртшылықты карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз», — деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.

ҚазАқпарат хабарлағандай, дін өкілдері жаназа және жерлеу рәсіміне қатысушылар санын 50 адамнан асырмау қажеттігін жеткізді.

Ал, індет өршіген жағдайда жұма намазын оқу тоқтатылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия