jasqazaq.kz

Түркістан облысында жолға таласқан жүргізшілер қарумен оқ атысқан

31 шiлде 2019, 11:26

Түркістан облысында жүргізушілер жолды бөлісе алмай, соңында оқпен атысты. Бұл туралы аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Түркістан облысында жолға таласқан жүргізшілер қарумен оқ атысқан

Полиция бөлімшесіне аудандық ауруханадан ер адамның мылтық оғынан жараланғаны туралы хабарлама келді.

Полиция анықтағандай, қала көшелерінің бірінде екі жүргізуші жолды өзара бөлісе алмаған. Жанжал кезінде белгісіз біреу жәбірленушіге травматикалық қарудан оқ жаудырып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша тіркелді.

«Қылмысты ашу үшін полицейлер бұзақылыққа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған барлық жедел шараларды өткізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция күдікті Ленгер қаласының тұрғынын ұстады. Айғақты зат ретінде полиция травматикалық тапаншаны тәркіледі. Күдікті қамауға алынды », — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қаруды қолдану арқылы бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық