
Түркістан облысында жолда қалған 23 жолаушы жылыту бекеттеріне жеткізілді.
Төтенше жағдайлар департаментіне «Созақ — Екпінді – Ұланбек» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдарда жолаушылар мен техникалардың қалып қойғандығы туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы ТЖД-нің 2 техникасы мен 10 қызметкері жолда қалып қойған 53 техниканы қар құрсауынан шығарып, 23 адамды жылыту бекеттеріне жеткізді. «Қазіргі таңда Ащысай — Кентау, Созақ – Ұланбек жолдары мен Мұздыбел асуы уақытша жабық. Барлық көліктердің жүруіне шектеу қойылып отыр. «Оңтүстік жолдар» мекемесінің 10 техникасы мен 22 қызметкері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр» — деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы И.Елеусизов. Сондай-ақ, мамандар боранды күні алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.
ҚазАқпарат