jasqazaq.kz

Түркістан облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

13 тамыз 2018, 12:33

Түркістан облысында жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, 10 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 17:30 кезінде Алматы-Ташкент-Термез тас жолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағына соғылған. Салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қаза болды.

Зардап шеккен 10 адам Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілген. Олар — автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы, ал жетеуі Өзбекстан азаматы.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Полицейлер жол апатының себептерін анықтап жатыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде