jasqazaq.kz

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды (Видео)

02 тамыз 2022, 10:57

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Ордабасы ауданы аумағынан өтетін «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында «Lada Priora» мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Бұдан бөлек, «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

«Бүгінгі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», — делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық