jasqazaq.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды

08 маусым 2021, 15:02

Түркістан облысының полицейлері Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысын тапты. Қызды іздеу жұмыстары 4 күнге созылды.

Жедел және мобильді топтар 4 тәулік ішінде жақын маңдағы барлық ауылды, ауылда орналасқан барлық көше мен қараусыз қалған ғимаратты шарлап, қызды сыныптастары мен достарынан, туыстары мен таныстарынан сұрастырып шықты. Жоғалған қыздың суреттері әлеуметтік желілер мен барлық БАҚ-та тарады. Алайда бәрі бекер болып шықты. Ешкім оның қайда екенін білген жоқ.

«Жедел уәкілдер қызды табуға үміттеніп іздеу шеңберін кеңейтті, мегаполиске шықты. 7-8 маусымға қараған түні полицейлер жасөспірімді Шымкенттің аяқталмаған ғимараттарының бірінен тапты. Олар қызды ата-анасына аман-есен табыстады. Қазіргі уақытта полицейлер қыз неге отбасынан қашып кеткенін анықтап жатыр», — деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде