jasqazaq.kz

Түркістан облысында жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған

11 ақпан 2022, 12:02

Түркістан облысында жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған. Ол таныстарынан алған ақшаны құмар ойынға жұмсап отырыпты.

Ленгер қаласының тұрғыны жасы 30-ға жуықтаған ұлының 4 тәуліктен бері із-түзсіз кеткенін айтып, полицейлерге хабарласқан. Төлеби АПБ қызметкерлері қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Республика көлемінде тәртіп сақшыларына бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілерін хабарлаған. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілген. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған жігітті Алматы қаласында жүрген жерінен тапты.

«Белгілі болғандай, азамат өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Ол өз сөзінде қарызға алған ақшасын қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді» — делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен орта жастағы азамат аман есен отбасына оралды. Ұлымен қауышқан анасы, баласын іздестіруде кәсібиліктерін көрсетіп, тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық