jasqazaq.kz

Түркістан облысында жоғалған баланың денесі табылды

22 желтоқсан 2021, 17:08

Жасөспірімнің денесі үйінің маңындағы септиктен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Ордабасы АПБ-нің 102 пультіне Шұбарсу ауылының әйел тұрғыны хабарласып, кәмелетке толмаған баласы жоғалып кеткенін айтқан.

Жоғалған бала 8-сыныпта оқыған, ол 18 желтоқсан күні белгісіз бағытқа хабар-ошарсыз кетіп, қайтып оралмаған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі:

Жоғалған жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алды. Іздестіру шаралары барысында Ордабасы АПБ-нің полицейлері тұрғынның өз үйінің ауласындағы септиктен 14 жасар баланың денесін тапты.

Алдын ала болжам бойынша, кәмелетке толмаған жасөспірім септикке құлап, қайтыс болған. Сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға абай болу және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертеді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр