jasqazaq.kz

Түркістан облысында жоғалған 7 адамның алтауы — Назарбаев университетінің студенттері

27 мамыр 2021, 17:53

Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алып, содан бері қайта оралмаған. Жалпы, олар 24 мамырда үйіне оралуы керек болған.

Қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалған жетеуді іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстары үшін арнайы үш топ құрылып, оның құрамына 25 ТЖД қызметкері мен жоғалған азаматтардың туыстары кірді.

Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, Түркістан облысында жоғалған жеті адамның алтауы — Назарбаев университетінің 4 курс студенттері. Тағы бірі — Кентау лицейінің түлегі.

Екі жігіт — Ақтөбе, үшеуі — Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан. Құтқарушылар тауға кеткен жеті азаматты үш күннен бері іздестіріп жатыр.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғау басқармасының бастығы Қанат Қарабалаевтың айтуынша, бүгін сағат 12:00-ден бастап тікұшақпен іздеу жұмыстары жүргізіледі.

azattyq ruhy

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде