jasqazaq.kz

Түркістан облысында жаңбыр суы көшелер мен үйлерді басып қалды

15 мамыр 2022, 13:51

Түркістан облысында жаңбыр суы 11 көше мен 20 үйді басып қалды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2022 жылғы 14 мамырда Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 11 көше, 20 жекеменшік тұрғын үй, 67 шаруашылық ғимарат, 62 аула ішіне су кірген.
Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аумақтан су сорып шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысып жатыр», — деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, департамент мәліметінше, көшелерді, аулаларды су басу дерегі бойынша аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылды, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен кезде шұғыл іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр