jasqazaq.kz

Түркістан облысында жалған дипломмен сабақ берген 50-ге жуық мұғалімге іс қозғалды

19 желтоқсан 2022, 12:53

Түркістан облысында түпнұсқасы жоқ құжатты пайдаланған 50-ге жуық мұғалімге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы полиция департаментінің өндірісінде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту департаменті жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша 10 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Онда түпнұсқасы жоқ жоғары білім дипломын пайдаланған 11 мұғалімге ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша айып тағылған.

Оның ішінде 5 іс — мектеп мұғалімдеріне қатысты болса, бесеуі — балабақша тәрбиешілері.

Сонымен қатар Түркістан, Сауран, Сарыағаш, Шардара аудандық полиция бөлімдерінде ҚР ҚК 385-бабымен 41 мұғалімге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі таңда аталған қызметкерлерден толыққанды жауаптар алынып, қажетті сот-техникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметте.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде