jasqazaq.kz

Түркістан облысында жайылым жер көлемі 304 мыңға ұлғаяды

01 тамыз 2024, 17:02

Түркістан облысында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 31 мың гектар жер телімлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді.

«Жалпы облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігі яғни 4 млн 469,5 мың гектар аумақ — ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімі негізінде құрылған ведомстволық топ өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді және заңсыз иеленген аумақтардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Атап айтар болсақ, 2024 жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алғашқы жартыжылдық есеп бойынша қазіргі таңда 31 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткізілді. Сондай-ақ өңірде мал басының артуына байланысты жайылым көлемін 304 мың гектарға арттыру көзделіп отыр», -деді басқарма басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті