jasqazaq.kz

Түркістан облысында вирус жұқтырғандар туралы не білеміз?

01 сәуiр 2020, 16:12

#үйдеотыр

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов аймақта жаңа вирусты жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, олардың барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының бес жағдайы тіркелген. Алғаш рет бұл жаңа ауру түріне шалдыққан адам — ​​Нұр-Сұлтаннан іссапардан оралған Жетісай облысының тұрғыны. Әйел 23 наурызда Түркістан облысына оралды, төрт күннен кейін температурасы көтерілді.

30 наурызда ол ауруханаға түсіп, қан тапсырды. Коронавирус диагнозы расталды.

Дәрігерлер онымен тығыз байланыста болған үш адамды тестілеуден өткізді, олардан да вирустың нәтижелері оң болып шықты.

Бесінші науқас — Жетісай ауданының тұрғыны. Ол іссапармен Алматыға барып келген. Ол да тексеріліп, ауруханаға жатқызылды. Тест оң нәтиже көрсетті. Індетті жұқтырғандардың барлығы емделіп жатыр. Олармен тығыз байланыста болған 41 адамның барлығы медициналық мекемелерде карантинге жатқызылды.

1 сәуірде сағат 12: 55-те Қазақстанда коронавирус инфекциясының 369 жағдайы тіркелді. Оның 24-і сауығып шықты, ал өкінішке орай, үшеуі қайтыс болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия