jasqazaq.kz

Түркістан облысында вакцина құжатын жасады деген күдікпен аурухана қызметкерлері ұсталды

01 қазан 2021, 14:27

Түркістан облысының полицейлері жалған вакцина құжатын жасады деген күдікпен 2 аурухана қызметкерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиция департаментің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданы полиция бөлімі кезекшісіне белгісіз азаматтан шұғыл хабар келіп түскен. Онда Қазығұрт ауданында 3 бірдей тұрғынның вакцинаның жалған құжатын жасатқандықтары айтылған. Хабар жете салып, полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызмет мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан деген күдікпен Қазығұрт аудандық ауруханасының 2 қызметкері анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚК 385-бабы, яғни «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аудан полицейлерінің анықтауы бойынша медицина қызметкерлері 3 тұрғынға жалған құжат жасаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңға қайшы келетін әрекеттер үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия