jasqazaq.kz

Түркістан облысында туыстарының атынан кредит алған алаяқ ұсталды

19 қараша 2020, 12:17

Түркістан облысында туыстарының атынан кредит алған алаяқ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, Ордабасы АПБ-не туыс апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша бейтаныс адам олардың атынан онлайн-несие алған.

Тұрғынның бірі өзге біреу атынан 5 бірдей микрокредит ұйымдарынан 350 000 теңгедей несие алғанын жеткізсе, келесі тұрғынның атынан 3 банктен 100 000 теңгеден астам несие алынғанын көрсеткен. Бір жылда берешегі көбейіп, банктен хабар келгенде тұрғындар тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді.

«Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Ордабасы ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайы Шымкент қаласынан ұстады. Ол жәбірленушілердің туыс сіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші былтыр туыс әпкелеріне хабарласып, қарыз таныстары ақша тастайтынын, сол үшін банк карталарының кодтары мен жеке куәліктерінің мәліметтерін суретке түсіріп жіберуді сұраған. Содан туысына сенген жәбірленушілер ол сұратқан ақпараттарды береді. Осы арқылы күдікті онлайн-несие алуға өтініш тастап, несие рәсімдеген», — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық