jasqazaq.kz

Түркістан облысында тәрбиеші бес жасар баланы жертөлеге қамап қойған

12 қазан 2021, 12:19

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылындағы балабақшада тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған. «Ақкөгершін» балабақшасындағы жағдайды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен әлеуметтік желіге тараған «Сарыағаш ауданында ата-ана баланы балабақшаға жертөлеге яғни подвалға қамау үшін бере ме?» деп жарияланған пост анықталды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аудан сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алып, қазір осы жайт бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия