jasqazaq.kz

Түркістан облысында тағы жеті көлік соқтығысып қалды

25 қараша 2019, 17:39

Түркістан облысында тағы да жол көлік оқиғасы орын алып, жеті бірдей көлік соқтығысып қалды. Жол апаты бүгін түскі сағат 13:00-дер шамасында «Алматы-Термез» тасжолының Сарыағаш ауданы аумағында болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда кетіп бара жатқан «Вольво» жүк көлігі жол апатының орын алуына себеп болған. «Вольво» жүк көлігі ауа райының қолайсыздығынан әрі асфальт бетінің мұзданып, тайғақ болуының салдарынан «Тойота Камри» автокөлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан «Газель» автокөлігі «Шевролет» көлігімен соқтығысқан. Дәл осы сәтте бір бағытта кетіп бара жатқан «ВАЗ» автокөлігі «Дэу Нексия» автокөлігіне, ал оған «Дэу Матиз» көлігі соғысқан. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген. «Аталған жайт бойынша Сарыағаш АПБ-ден жедел-тергеу тобы аттанып, шұғыл түрде тергеп тексеру амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кінәлі жүргізушілер анықталуда» делінген хабарламада.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда