jasqazaq.kz

Түркістан облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

04 ақпан 2020, 15:10

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. «Атап айтқанда, А.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А.Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)», — делінген хабарламада.

ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырады.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия