jasqazaq.kz

Түркістан облысында судья пара алды деген күдікке ілінді

12 желтоқсан 2019, 17:27

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік сотының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық дерегін анықтады. «2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды. Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексеріліп жатыр», — делінген хабарламада. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда